«Бозоқ» ұлттық саябағы құрылады

24 Ақпан 2023, 12:02
1791
Бөлісу:
«Бозоқ» ұлттық саябағы құрылады
Фото: bozok.kz

Саябақты құру идеясы 2000 жылдан бері жоспарланса, өткен жылдан бастап ұлттық парктің қоршауының құрылысы басталды, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елорданың 25 жылдығы мен  Бозоқ қалашығының археологиялық қазбасының 25 жылдығына арналған "Еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан ортағасырлық мемлекеттердің ескерткіші – Бозоқ қалашығын сақтау: тұжырымдамалық тәсіл, даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті.

Соңғы 30 жылда елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалардың аясында археологиялық қескерткіштер ашылып,  нақты зерттеліп жатыр. "Бозоқ" қалашығы мемлекет тарихын жаңғырту жобасы ретінде 2004 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында басталды. Ал  2018 жылы музей-қорық құрылды. Бозоқ - Қазақстанның дала аймағындағы урбанистік мәдениеттің толық зерттелген жалғыз ескерткіші. Осы орайда "Бозоқ" ұлттық саябағы құрылады.

«Бозоқ» ұлттық саябағы құрылады

Саябақты құру идеясы 2000 жылдан бері жоспарланса, өткен жылдан бастап ұлттық парктің қоршауының құрылысы басталды. Қоршау үлкен екі кіреберістен тұрады. Порталдар ортағасырлық бейнеде архитектуралық  үлгіде жасалады.  

Қоршаудан бастау себебіміз қазір қалашық екі жақтан бір жағынан Үркер ауданы Ильинка ауылы бар. Сондықтан ескерткіш қысылып жатыр. Осы аймақты қоршауға әрекет жасадық. Келесі құрылыстар визит орталығы болса, екіншісі "Бозоқ" қалашығының қайта құрылуы болады. Қайта құру орта ғасырлық аналогияға сүйенеді, - дейді ”Бозоқ” мемлекеттік тарихи мәдени музей қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Сәбитқызы.

"Бозоқ" ұлттық саябағы құрылысының 1-кезеңі  2026 жылы аяқталады.

«Бозоқ» ұлттық саябағы құрылады

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері жергілікті халықты, қонақтарды өзіне тартады. Өйткені қазіргі таңда барлығы өз тарихын білгісі келеді. Келушілердің көпшілігін қай жерде біздің ата-бабаларымыз қалай тұрды, қандай үйлерде өмір сүрді деген осындай сұрақтар қызықтырады. "Бозоқ" қалашығында археологиялық қазба жұмыстары өтеді. Сол жерге келіп көре алады. Қазір әлемдік тәжірибеде осындай ұлттық саябақтар құру мемлекеттік міндеттердің бірі болып тұр. Құрылыс аяқталған соң осы далалық-еуразияның аймақтың адамдары ежелден энеолит дәуірінен қалай тұрғанын көрсете аламыз. Энеолит дәуірінен дейміз, өйткені сол кезеңде ең кең зерттелген әлемге танымал археологиялық мәдениет бар, - дейді ”Бозоқ” мемлекеттік тарихи мәдени музей қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Сәбитқызы.

Өзгелердің жаңалығы