Бозарық индустриалды аймағында 30 жоба жүзеге асырылады – Шымкент

29 Шілде 2023, 02:22
1708
Бөлісу:
Бозарық индустриалды аймағында 30 жоба жүзеге асырылады – Шымкент
Фото: gov.kz

Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Индустриялық аймақ 132,9 гектарды алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда бүгінде 13,5 шақырымдық ауыз су жүйелерінің құрылысы 85%, электр және табиғи газ желісімен қамту жұмыстарының көлемі 88% орындалған. Ал жобада қаралған 2 шақырым жолдың қазіргі таңда 1 шақырымы салынып, 7,9 шақырымдық ішкі орам жолдардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша жоба әзірленуде.

Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Индустриялық аймақта алдағы уақытта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобалар қолға алынады, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы