МӘМС: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тамыз айында 2,4 млрд теңге жарна түсті

10 Қыркүйек 2020, 22:14
971
Бөлісу:
МӘМС: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тамыз айында  2,4 млрд теңге жарна түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 28 тамызы аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін аударған жарналарының жалпы сомасы 47,4 млрд теңгені құрайды.

Ал 2020 жылдың тамыз айында елордада медициналық сақтандыру үшін 2,4 млрд теңгеден аса жарна аударылған. Олардың қомақты бөлігі – 1,4 млрд теңгеден астамы жұмыс берушілердің аударымдары, ал 988 млн теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарналар, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің жетекшісі Данара Мусина.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша, МӘМС үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) негізінде түскен жарна 17,6 млн теңгені құрайды. Бірыңғай жиынтық төлем жасау   – әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға құқық береді.  

Естеріңізге сала кетейік, Медициналық сақтандыру қорының қызметі бойынша сауалдарыңыз болса, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын телефонға жүктеп алып, кез келген уақытта өтініш қалдыруға болады. Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі сәтте, сұранысқа ие. Себебі, азаматтардың көпшілігіне өтінішті электронды тәсілмен қалдырған ыңғайлы. 

Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін  Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеп алуға болады.
Өзгелердің жаңалығы