Қазақстандағы ең үздік 10 кәсіпқой боксшының тізімі жарияланды

31 Шілде 2020, 22:50
2452
Бөлісу:
Қазақстандағы ең үздік 10 кәсіпқой боксшының тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxrec.com сайты қазақстандық үздік кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады.

Соңғы жылдары бұл тізімнің басында үнемі Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тұратын. Биыл да GGG көшбасшы болды. Ол қазір IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы.

Екінші орында — WBO International чемпионы Қанат Ислам (27-0, 21 КО). Ол да орта салмақта өнер көрсетеді.

Sports.kz хабарлағандай, үздік қазақстандық боксшылардың үштігін Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) түйіндеді. Оның қанжығасында бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулері бар.

BoxRec рейтингі бойынша 10 үздік кәсіпқой боксшы:

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) — 806.0
2. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 28.66
3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 27.41
4. Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) — 21.29
5. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) — 16.14
6. Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) — 14.54
7. Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) — 14.46
8. Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) — 12.87
9. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 10.64
10. Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) — 8.076.

Өзгелердің жаңалығы