Ботай қонысына музей салынады

9 Қаңтар 2019, 17:21
3206
Бөлісу:
Ботай қонысына музей салынады

Астана, baq.kz. Жылқыны алғаш қолға үйреткен Ботай қонысында арнайы мұражай салынатын болады.

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, археологиялық кешен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданында бой көтермек.
Қазір арнайы әзірленген жобаны министрлік өкілдері қарастырып жатыр. Сәтін салса, құрылыс жұмыстары биыл басталады. Ол үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбекші. Кешеннің жалпы аумағы 62 гектарды құрайды.
Сондай-ақ мұнда археолог мамандар қазба жұмыстарымен қысы-жазы айналысатын болады. Бұдан басқа, әкімшілік ғимарат, қонақүй және ипподром да салынбақшы.

"Бұл ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жылына бұл жерге екі мыңға жуық турист келіп кетеді екен. Егер мұражай-кешен пайдалануға берілсе, оның саны 9 мыңға дейін артатын болады. Сондықтан биылдан бастап аталған орынға апаратын жолдарға да күрделі жөндеу жүргізіледі" - дейді тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы директорының міндетін атқарушы Рахат Мәмбеталинов.
Өзгелердің жаңалығы