Ботай мәдениетінің орны бөлек

21 Қазан 2022, 02:40
1411
Бөлісу:
Ботай мәдениетінің орны бөлек
Ботай мәдениетінің орны бөлек

 

Республика күніне орай "Дара" бизнес академия мектеп-лицейінде Солтүстік Қазақстаннан арнайы "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" қызметкерлері Қосшы қаласының ақсақалдары мен мектеп оқушыларына "Ата дәстүр – ұлттық құндылық" сабағында "Ежелгі Ботайдан – индустриялды Астанаға дейін" шеберлік-сыныбын және археологиялық қазба жұмыстарында табылған бірегей жәдігерлер көрмесін ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл игі шара AT-TRAVEL.KZ салт аттылар клубының бастамасымен ашылған.

"Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсия бөлімінің басшысы Жадыра Өмішқызы Мұқышева ежелгі дала өркениетінің бастауы болған көне мәдени ошағы Ботай мәдениеті мен қазіргі мәдени индустриялды ордамыз Астананы өзара салыстыру арқылы Ботай мәдениеті және тарихы туралы оқушыларға ақпарат жеткізді. Жиналғандарға Ботай ескерткішінің тарихи-мәдени маңызын ашып, Ботай қонысының ең ежелгі қала болғандығын,  ең алғаш жылқыны қолға үйреткендігін,  тағы да басқа құнды тарихи жәдігерлерге тоқталып өтті. Жалпы «Ботай қонысы» мәдениеті мен қазіргі мәдени индустриялды ордамыз, бас қаламыз Астананың арасында шамамен 6 мыңдай жылдай.

 

Екі мәдени ошақтың арасында сан ғасырлық жылдар, дәуірлер жатса, соншалықты екі мәдениет арасында біршама алшақтық пен сабақтастықты байқауға болады.

Әр кезеңде қазақ елі талай тарихи оқиғаны басынан өткерді. 

Дегенмен, әр мәдениеттің тарихтағы алар орны бөлек. Сондай-ақ, қонақтарға экскурсия жүргізуші  Дамир Владимирович Тоқтаров саз балшықтан керамикалық ыдыстар жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Шебер-сынып барысында оқушылар  сұрақтарын қойып, өз көздерімен тарихи жәдігерлерді көріп, қажетті мағлұмат алғандарына қуанышты.  

Ботай мәдениетінің орны бөлек

Еске сала кетсек ағымдағы жылдың маусым айында AT-TRAVEL.KZ салт аттылар клубы мүшелері "Ежелгі қоныс Бозоқтан Ботайға" атты салт атты сапар ұйымдастырған болатын. Бүгінде мектеп қабырғасынан ашылған "Ата дәстүр-ұлттық" орталығында қазақтың салт-дәстүрлері, атқа мінуді оқушыларға үйретілуде. Шараға қатысушы ел ақсақалдары музей қызметкерлеріне өз алғыстарын жеткізіп, өскелең ұрпаққа осындай Шебер-сыныптың берері мол екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы