Астанадағы Ботаникалық бақта қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған шетел азаматы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, 38 жастағы шетелдік Ботаникалық бақ аумағындағы көгалдың үстінде көпшілік алдында дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция қоғамдық орындардың тұрғындардың тынығуына арналғанын еске салып, қоғамдық тәртіп пен мораль нормаларын бұзатын кез келген әрекет заң аясында жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың әрбір дерегі бойынша уақтылы шара қолданылып, жазаның бұлтартпастығы қамтамасыз етілетіні айтылды.
https://t.me/astana_newss/35942