Бостандық ауданында 6 жаңа мектеп салынады

9 Ақпан 2023, 14:10
883
Бөлісу:
Бостандық ауданында 6 жаңа мектеп салынады
Фото: almaty.tv

Мектеп пен балабақшадағы орын тапшылығын азайту бойынша жұмыс әкімдік үшін басымдық болып қала береді,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Осыған байланысты 8600 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сонымен қатар, 400 орындық 8 жекеменшік балабақша салу жоспарланған. 

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша 3 мектеп салу жоспарланған. Қыркүйек айында құрылыс басталады.

Жароков - Левитан көшелерінің қиылысында 1200 орындық және «АDK» сауда орталығы ауданында 900 орындық екі мектеп салу мәселесі қарастырылып отыр. «РАМС Қазақстан» ЖШС жыл соңына дейін 1100 орындық мектептің және 240 орындық 2 балабақшаның құрылысын аяқтайды. 

Бұрынғы №1 балалар үйінің ғимаратын 440 орындық балабақша қылып реконструкциялау. Құрылыс биыл шілдеде басталады. «Акварель» ТҮК-де 300 орындық балабақша пайдалануға берілді. Мамыр айында ашылу көзделген, қазір оны жарақтандыру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы