Бос орындар жәрмеңкесінде 700 адам жұмыс тапты – Атырау

23 Қазан 2022, 02:36
1100
Бөлісу:
Бос орындар жәрмеңкесінде 700 адам жұмыс тапты – Атырау

Атырауда 44 кәсіпорын мен ұйымның, соның ішінде мемлекеттік органдар мен полиция департаментінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге қатысушылар арасында - «Tenaz Management», «Сичим С.п.А Казахстан», "Денхолм-Жолдас", «АНПЗ», «Велесстрой», «ЮСС Суппорт Сервисез», "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI)", "Батыс Альянс Строй" және тағы басқа компаниялар бар. Мыңнан аса бос орындар ұсынылды. Олардың 500-ден астамы жұмысшы мамандықтары болса, 400-ге жуығы инженерлік позициядағы орындар. Жәрмеңкеге қатысушыларға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы да ақпарат берілді, - деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері осындай 36 жәрмеңке ұйымдастырылып, 700-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Өзгелердің жаңалығы