Бос әңгіме. Алаштанушы Алаш автономиясына қатысты күдік келтіретіндерге жауап берді

26 Тамыз 2022, 12:19
1910
Бөлісу:
Бос әңгіме. Алаштанушы Алаш автономиясына қатысты күдік келтіретіндерге жауап берді

Бұл туралы Әдебиеттанушы, ғалым Дихан Қамзабекұлы Алаштың 105 жылдығына қатысты конференцияда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күннің мәселелері өте маңызды. Біз Жаңа Қазақстан деп бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз. Осының аясында Алаш қалай көрінуі керек? Соңғы кезде Алаш автономиясы туралы баспасөзде әртүрлі пікірлер жазыла бастады. Оның жариялануы, жарияланбауына байланысты күдік келтіре бастағандар бар. Мұның барлығы тарих көзімен, мемлекеттік құқықтық негізбен қарағанда ол әңгіменің барлығы бос болып қалады,- деді Қамзабекұлы.

Оның айтуынша, Алаш автономиясы-мемлекеттік негізіміз.  

Осыны білім, ғылым саласында насихаттау керек. Алаштың бастамалары қазақ  мемлекеттілігіне, тәуелсіздігіне бағытталды. Алаштың глы арманы Мәңгілік елмен үндеседі,- деді әдебиеттанушы.

Еуразия ұлттық университетінде  «Алаш Республикасының 105 жылдығы және Қазақ Конституциясының қайнар көздері: жаңа дереккөздер, зерттеудің мәселелері мен болашағы» жайлы  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Жапония, Польша елдерінің ғалымдары онлайн форматта қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы