Борышкер айласын асырады. Мусин алименттен жалтаратындардың санын атады

20 Ақпан 2022, 14:00
1387
Бөлісу:
Борышкер айласын асырады. Мусин алименттен жалтаратындардың санын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин БАҚ өкілдерімен бейресми кездесуінде айтты.

Қазір Қазақстан бойынша 263 мың атқарушы құжат  борышкерлердің жұмысына жіберілген. Олар бойынша бухгалтерия заңды түрде  алимент аударып отырады. Алимент төлеуден қашып жүрген 17 мыңдай адам бар. Мүмкін, бұдан да көп шығар. Әйелдер атқару парағын тапсырмай, талап қоймай жатады,-деді Мусин.

Министр 17 мың сот орындаушыларда бар атқару парағы екенін жеткізді.

Біз қазір жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оларға борышкерлерді ресми емес төлем жасап,жұмысқа алмауды ұғындырып жатырмыз. Біріншіден, жұмыс берушілер өздерінің қамын ойлап, борышкерлерге қиянат жасап жатқанын айттық. Балаларды да асырау керек. Қазір борышкерлерді жұмысқа орналастыру ды жүзеге асырып жатырмыз. Былтыр 2 мыңнан астам адам жұмысқа тұрғызылды,- деді Қанат Мусин.

Министр сонымен қатар әкімшілік пен қылмыстық жаза да бар екенін айтты.

Бірақ проблема бар. Қашам деген адам, айласын жасайды. Бір күндік жұмыстарды ауыстырып, алименттен жалтарып жүре береді. Олардың әрбіреуінің артынан жүріп,қарыз өндіруге ешбір мемлекеттің қауқары жетпейді. Бірақ ондай адамдар саны жыл сайын қысқарып жатыр,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы