Бородавкиннің сұхбаты: Кейбір сәттері оның мәртебесіне сай емес - Қошанов

7 Желтоқсан 2022, 14:19
8933
Бөлісу:
Бородавкиннің сұхбаты: Кейбір сәттері оның мәртебесіне сай емес - Қошанов
VIDEO

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қошановтың айтуынша, ол Бородавкин мырзаның сұхбатын мұқият тыңдаған.

Оның сұхбатының кейбір сәттері шынымен де оның мәртебесіне сай емес,  және де оның пайдасына жұмыс істемейді. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат. Бородавкин мырзаны бұрыннан білеміз. Ол үгітшілер мен саясаттанушылардың жетегіне кетпеуі керек, - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикерінің сөзінше, дипломаттар үшін мұндай мәлімдемелерге жол берілмеуі тиіс. 

Ресейде де, басқа елдерде де ксенофобия бар, сондықтан саясаткерлердің мәлімдемелері, ең алдымен, екіжақты қарым-қатынасымызға зиян келтірмеуі үшін екі елдің, өз мемлекеттеріміздің игілігі үшін бірге жұмыс істеуіміз керек, - деп жауап берді ол Atameken Business арнасына берген шағын сұхбатында. 

Өзгелердің жаңалығы