Джонсон азаматтарды дереу вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды

24 Қазан 2021, 14:30
963
Бөлісу:
Джонсон азаматтарды дереу вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания Үкіметі соңғы тәулікте SARS-COV-2 инфекциясы туралы мәліметтерді жариялады.

Індет жұқтырған 44 985 адам анықталды, осылайша вирус тасымалдаушылардың жалпы саны 8 734 934-ке жетті. 

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты премьер-министр Борис Джонсон азаматтарды дереу вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды. 

Ол британдықтардың коронавируспен күресте "феноменальды прогреске" қол жеткізгенін атап өтіп, вакцинаның қорғау қабілеті алты айдан кейін әлсіреуі мүмкін екенін еске салды. 

Ұлыбританияда 50 жастан асқан тұрғындар, медицина қызметкерлері, қарттар үйінің қызметкерлері, созылмалы аурулары бар адамдар covid-19-ға қарсы үдеткіш вакцинация жасауы қажет.  

Украинада коронавирус толқыны әлсіремей тұр. Өткен тәулікте инфекцияның 23 229 жаңа расталған жағдайы анықталды және 483 науқас қайтыс болды, - деді елдің Денсаулық сақтау министрлігі.  

Салдарынан SARS-CoV-2 тасымалдаушыларының жалпы саны пандемия басталғаннан бері 2 748 614 адамға жетті, ал өлім жағдайларының саны 63 486 болды. 

Айта кету керек, елде иммундау төмен қарқынмен жүріп жатыр. Бірінші дозамен вакцинацияланғандардың саны - 8 890 452 немесе 21,5 %, вакцинацияның толық курсын 6 963 577 азамат өтті. Қазіргі уақытта Украинада 43 миллионнан астам адам тұрады.


 

Өзгелердің жаңалығы