Боран күндері "Сергекке" түскен көлік иелерін қандай жаза күтіп тұр?

27 Қаңтар 2020, 16:46
1553
Бөлісу:
Боран күндері "Сергекке" түскен көлік иелерін қандай жаза күтіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Боран күндері жүргізушілер белгіленген жерден шығып кетіп, абайсызда ереже бұзатын болса "Сергек" видеобақылау жүйесі тіркемейді. 

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық Ішкі Істер Департаменті әкімшілік полиция басқарма басшысы Елжан Шүпеков айтты.

"Сергек" қазір тек жылдамдықты анықтайды. Ал қалғандары камераға жазылмайды,- дейді Елжан Шүпеков.

Сонымен қатар, ол полицияның арнайы техниканы патрульдік автокөліктермен алып жүру жұмыстарын ұйымдастырғанын еске салды. Төтенше Жағдайлар Департаментімен бірге авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Боран күндері жолдың көрінбеуіне байланысты жүргізуші амалсыздан жолдың қарама-қарсы бетіне шығуға мәжбүр болатыны білеміз. "Сергек" қазір тек жылдамдықты анықтайды. Ал қалғандары камераға жазылмайды, - дейді Елжан Шүпеков.

Әкімшілік полиция басқарма басшысы белсенді тұрғындарға, еріктілерге және азаматтарды эвакуациялауда полицияға көмектесетін автомобильшілер одағына алғысын білдірді.

Атап айтқанда, бүгін біз қаладан 5-10 шақырым қашықтықта болған жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтарды эвакуациялау бойынша іс-шара өткіздік. Олар көлік құралдары жүруі мүмкін емес жерде қалған. Сондықтан Whatsapp желісінде чат аштық. Біздің халық өте жауапты және әрқашан көмек беруге дайын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы