2023 жылғы 22 желтоқсандағы сағат 00:00-дегі жағдай бойынша 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 20 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ, жаңбыр) енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ҚазАвтоЖол»-дың мәліметінше, шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 324 бірлік техника жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.