Бомба қойылды: Жалған ақпарат таратқан баланың ата-анасына айыппұл салынды

3 Қазан 2022, 11:38
1597
Бөлісу:
Бомба қойылды: Жалған ақпарат таратқан баланың ата-анасына айыппұл салынды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция түрлі мекемелерге қатысты терроризм актілері туралы қасақана жалған ақпарат таратқан тұлғаларды іздестіріп жатыр. 22 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданында үш жалпы білім беретін мектептің электрондық мекенжайына жарылғыш құрылғылардың орнатылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Келесі күні полиция органы ҰҚК бірге аталған қылмысты жасаған 12 жастағы оқушыны анықтады. Жас ерекшелігіне байланысты оқушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ оның ата-анасы кәмелет жасқа толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Айтуынша, баланың ата-анасына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы