Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

3 Қазан 2022, 11:19
1275
Бөлісу:
Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алматы облысында кезекті бір нарколаборатория жойылды. Мефедрон синтетикалық есірткісінің өндірісі Іле ауданындағы үйлердің бірінде болған. Қылмыстық бизнеспен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар жалға алған үйден 2 келіден астам ұнтақ зат, 7 литр сұйықтығы бар шыны колба, канистрлерге құйылған шамамен 40 литр химиялық заттар, 7 келі ұнтақ түріндегі химиялық заттар және синтетикалық есірткі өндірісінде пайдаланылатын құрал-жабдықтар табылды, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар өндіріс нұсқауларын интернет арқылы, ал шикізатты «закладка» арқылы алып отырған. 

Ұсталғандардың айтуынша, «жұмыс беруші» оларға синтетикалық препараттың әрбір килограмы үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде берген. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін өткен аптада ел аумағында 3 мыңға жуық қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы