Жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы

12 Қыркүйек 2021, 09:22
1429
Бөлісу:
Жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 12-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, 12 қыркүйекте шығыс жарты шарда және солтүстік аймақтарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең Солтүстік және Орталық аймақтарда тұман түседі. 

Қазақстанның шығыс жартысы мен солтүстік өңірлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Павлодар облысында күндіз екпіні жел 15-20 м/с соғады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Түнде солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшейеді. Орталықта желдің күші 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүсті-батысында тұман түседі, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең, оңтүстік-шығысында тұман түседі, түнде және күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы