Болжам - 2024. Еліміздің министрлерін не күтіп тұр

26 Желтоқсан 2023, 15:48
1042
Бөлісу:
Болжам - 2024. Еліміздің министрлерін не күтіп тұр
Фото: BAQ.KZ

Сандар – адам өмірінен хабар беріп, қарым-қабілетін ерекшеліп, дұрыс бағдар алып, өмірінді өзгертуге таптырмас мүмкіндік береді. Нумерологтар адамның бойындағы қасиеттер де туған күніне тікелей байланысты болатынын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нумеролог маман Құралай Бақыттан сұқбаттасу барысында үкіметтегі министрлер туралы сандар не дейді деп сұраған едік.

Әлихан Смайылов (18 желтоқсан 1972жыл) сандары мемлекет басшысының сандарымен сәйкес, сондықтан ел президентімен бір-бірін жақсы түсініседі деп ойлаймын. Өте позитивті, лидер адам. Бұйырып сөйлей алады және сөзі басқаларға өтімді. Жоғарыда атап өткендей сандар циклдарды қайталайды. Мысалы, Әлихан мырза 1972 жылы дүниеге келген, 2022 жылы Премьер министр қызметіне бұйрығы шыққан екен. Бұл кісі үшін өткен екі жыл өте жақсы жыл болған, бірақ алдағы екі жылда кішкене спортқа барып, денсаулыққа қарау керек. 18 не дүниеге келгендер ауқатты, сәттілігі көп адамдардың қатарынан. Солтүстік – бұл кісінің теориясы. Яғни солтүстік ол кісінің маңсабының жоғарылауына, ісінің өрге басуына көп әсер етеді,-дейді маман.

Сондай-ақ, 1983 жылдың 3 наурызында дүниеге келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин туралы айтты.

Бағдат Мусиннің сандары өте ұнады. 3 саны көп, яғни креативті,ойы ұшқыр, адалдыққа жақын жан. Сәтті саны – 9. Прогрес әкелетін инновация саласында жаңалыққа жақын, трендке жақын жан. Үнемі ізденісте жүреді, сондықтан халыққа ұсынары да көп,-деп атап өтті.

Ал, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сандары оның өте еңбеккор адам екенінен хабар береді дейді нумеролог.

Ғани Бейсембаев (3 маусым 1969 жыл) сандарына қарасақ өте мақсатты адам екенін байқаймыз. Артынан із тастайтын атақты тұлғаларда көп кездесетін көшбасшы, лидер және шығармашылықтың сандары бар. 6 саны көп, демек өте еңбекқор адам. Жұмысын бірінші орынға қояды. Маңсап пен отбасыны қатар алып жүретін жандардың қатарында. Қойған мақсат, жоспарларының бәрі орындалады. Ұлу жылында да білім, ғылым саласына біршама жақсы өзгерістер алып келеді,-деді нумеролог.

Өзгелердің жаңалығы