Қаржы министрлігі Атырау облысына қосымша қаржы бөлуге дайын ба? Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заңда Үкіметтің нөмірі 13.58 деген қаулысы бар. Сол қаулыда "Егер қандай да бір жарамды үйлер болса, тиісті бағалау жүргізіліп, сол бағалау құны берілетіні" жазылған. Оның қандай да бір максималды шегі жоқ. Максималды шек үй заттарына – тоңазытқыш, теледидар секілді тұрмыстық заттарға 150 АЕК (еск- 553 800 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) көлеміне дейін беріледі. Одан аспауы керек, - деді Дәурен Темірбеков.
Вице-министр көп бүлінген үйлер жөндеуге келмей қалғанын айтады.
Мәселен, "Қазақстан халқы" қоры бес облыста 650 үй салады. Қазір бүкіл әкімдіктермен тиісті меморандумдарға қол қойды. Бұдан басқа үй жөндеуге кететін шығынды да мемлекет толық көлемде өтеуге тиіс, - дейді Темірбеков.
Оның сөзіне сенсек, өңірде табиғи апаттан келген шығын есептеліп жатыр. Қажет болып қалса, Үкімет резервінен Атырау облысына тиісті қаржыны бөлінеді.
Қазір жалпы (су тасқынынан зардап шеккен) 24 мың отбасыға 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленді – шамамен 9 млрд теңге. Бұл жергілікті әкімдіктің қаражаты.
Үкімет резервінен тек 405 млн теңге бөлінді. Қаржы Атбасар қаласынан 35 үй сатып алуға бөлінді. Қазір Үкімет резервінде 54 млрд теңге бар. Мысалы, жолды жөндеу, көпір салу үшін тиісті құжаттар керек. Қазір оларды дайындап жатыр. Мысалы, Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі тиісті өтінім беріп, біз оған тиісті қаражатты бөлеміз. Оған біз дайынбыз. Жетпесе, тағы резервті көбейтіп, бәрін орындаймыз, – деді Қаржы министірінің орынбасары.
Ол Резервте 54 млрд теңге барын айтты.
Керек болса, басқа резервтен шұғыл шығын ретінде есептеп, төтенше жағдай салдарын жоюға бөле аламыз. Мұның бәрі Үкіметтің қолында... Атырау облысынан Қаржы министрлігіне әзірше өтінім түспеді. Егер осындай қажеттілік болса, міндетті түрле бұл мәселені шешіміз. Қаржыны бөлуге дайынбыз, - деп аяқтады сөзін Темірбеков.