Болгарияның ең көне қаласында Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды

6 Қазан 2023, 17:27
732
Бөлісу:
Болгарияның ең көне қаласында Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды
Фото: СІМ

Қазақстан астанасының 25 жылдығына орай және Республика күні қарсаңында Пловдивтің Орталық алаңында елімізге арналған тақырыптық фотокөрменің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға жергілікті қала және облыс әкімдіктері, ғылыми қауымдастық, зиялы қауым, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Астана Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан және толеранттылыққа, бейбітшілік пен интеграцияға шақыру бойынша Дүниежүзілік диалог алаңына айналған мемлекетіміздің басты символының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат еліміздің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін айтып, Қазақстан бүкіл әлемде шынайы қызығушылық тудыратын трансформациялар, инновациялар мен жаһандық бастамалардың орталығы ретінде озық мемлекетті бейнелейтінін жеткізді.

Іс-шара қонақтары Қазақстан Астанасы архитектурасының барлық сұлулығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін фотосуреттерді тамашалай алды.

Бұл фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 29 қазанға дейін ашық болады.

Пловдив – 8 000 жылдық тарихы бар Болгарияның ежелден бүгінгі күнге дейін шежіресі сақталған екінші алып қаласы. Қала Оңтүстік Болгарияның ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы болып есептеледі, оның экономикасы жақсы дамыған көпсалалы өнеркәсіпке, қызмет көрсету саласына, туризмге және ақпараттық технологияларға негізделген.

Өзгелердің жаңалығы