Болашақ түлегі шетелде білім алған қазақстандықтарды ауылға шақырды

27 Қараша 2022, 14:30
1173
Бөлісу:
Болашақ түлегі шетелде білім алған қазақстандықтарды ауылға шақырды

Болашақ бағдарламасы арқылы шетелде білім алған қазақстандықтарды ауылға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Канаданың Кальгари университетін тәмәмдаған Диана Момбаева туған ауылында сабақ береді. Ол Қостанай облысы Комсомольск орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі - Калгари университетінің түлегі. 2017 жылы магистратураға оқуға түскен. Магистрлік жұмысына Қазақстанның шетелде ауылдардағы шағын жинақты мектептер негізінде Қазақстандағы білім беру саласының проблемаларын зерттеген. 

Ал 2020 жылы туған ауылына оралып, мектепте мұғалім болып жұмысқа тұрады.  

«Болашақ» бағдарламасының түлегі ауылына не үшін оралғанын айтты.

«Болашақ» бағдарламасымен оқуымды сәтті аяқтап, Еуразия ұлттық университетіне оралдым. Жұмысым мен зерттеулерім жемісті жүріп жатты, алайда әлемді коронавирус дерті жаулағанда ауылға оралуды жөн көрдім. Осылайша, пандемия Комсомольскідегі орта мектепке келуіме түрткі болды. 2020 жылдан бастап осы білім беру ордасында тарих пәнін оқытамын. Жұмысым тек балаларды оқытумен шектелмейді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін қатар алып жүрмін. Сонымен қатар, шетелде алған білімім мен жиған тәжірибемді қолдануға мүмкіндік алдым. Күн сайын өзімнің зерттеулеріме қайта оралып, ауыл мектептерінің жағдайын қалайша жақсартуға болатынын көріп жүрмін, - дейді Диана Момбаева.

Болашақ түлегі шетелде білім алған қазақстандықтарды ауылға шақырды

Мұғалімнің ауылға оралуына бірнеше себеп болды дейді. Сыртта жүріп, туған-туысқандары мен жақындарының қадірін білесің дейді мұғалім.

Сондай-ақ Калгариде жасаған зерттеу жұмысы да әсер еткен екен:

Менің зерттеу жұмысым ауыл мектептеріне бағытталған. Сондықтан, жұмысымды шынайы жағдайда қарап, жаңа ұсыныстарды ойластыру өте маңызды. Мен бұл мектепте жұмыс істеп, біздің білім беру жүйеміздегі көптеген мәселелерді жақсарту бойынша жұмыс жасау керектігін түсінемін. Білім беру деңгейінен бөлек, толықтай жүйені дамытуға бағытталған жұмыстар атқару керек. Сондықтан, мен білімімді докторантурада жалғастыру туралы шешім шығардым, - дейді Диана Момбаева.

Жұмысынан бөлек жас мұғалім қоғамдық жұмыстармен де айналысады. Биыл «Бірге» қоғамдық қорымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының шетелдегі қазақстандық студенттерге арналған жобаларға қатысып, тәжірибесімен бөлісті.

«Болашақ» стипендиясының иегерлеріне кеңестерін айтып, ауылға шақырды:  

Шетелде оқимын деген жастарға бірнеше кеңесім бар: ағылшын, қытай тілдерін оқыңыздар. IELTS, TOEFL секілді емтихандарды тапсырыңыздар. Ойыңызға «мен өте аламын ба», «қолымнан келе ме?», «лайықпын ба?» деген сұрақтар келіп, сенімсіздік тудырады. Соған қарамастан, құжаттарыңызды тапсырыңыздар, көріңіздер. Өз портфолиоңызбен жұмыс істеу де маңызды. Ең бастысы, өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Ал оқуға түссеңіздер, білімдеріңізді тәжірибеде қолданыңыздар, елімізге оралыңыз. Тіпті сіздерді біздің ауылымызға шақырғым келетінін айтқым келеді, - дейді мұғалім.

Айта кетейік, «Болашақ» президент стипендиясы 1993 жылдан бері тағайындалып келеді. Бүгінге дейін 11 мыңнан астам Қазақстан азаматы стипендия иегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы