Президент болашақ студенттерге мамандық таңдаудағы басты қағиданы айтты

28 Сәуір 2020, 15:57
3299
Бөлісу:
Президент болашақ студенттерге мамандық таңдаудағы басты қағиданы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан студенттер альянсы президенті Ілияс Түстікбаев онлайн конференция барысында болашақ студенттерге мамандық таңдаудағы бірнеше қағиданы айтты.

Биылғы 2019-2020 жылдары елімізде 125-тен астам жоғарғы білім орны бар. Оның ішінде 84-і жекеменшік. Былтырғы жылға қарағанда, биыл студенттер саны 11%-ға өскен. Қазір мектеп бітірушілерге дұрыс, әрі кәсіби бағыт-бағдар беру - біздің ең басты мақсатымыз. Соңғы жылдары бұрынғыдай бір сарынды жұмыстарға қарағанда, қазір әр түрлі мамандықтар нарыққа келіп жатыр, - деді Ілияс Түстікбаев.

Ілияс Түйсікбаев жұмыс берушілердің көпшілігі студенттің қандай білім бағдарламасы арқылы білім алғанына қарайтындығын атап өтті. 

Жыл сайын елімізде 150 мыңға жуық оқушымыз мектеп бітіріп, студент атанатын болса, оның көпшілігі өз мамандықтарын дұрыс таңдамайды. Бірі ата-анасының айтқанымен, енді бірі қай жерде грант бар, сол білім ордасына оқуға түсіп жатады. Мамандық таңдау өмірдегі ең басты бағыттардың бірі екендігін мектеп бітірушілер есте сақтаулары қажет. Сондықтан мұны кіші сыныптардан бастап ойлап, соған дайындалған жөн, - деді ол. 

Оның айтуынша, белгілі мамандық иесі болу үшін бірнеше факторды анықтап алуы қажет.

Қай пәнді, қай қаланы, қандай жоғарғы оқу орнын таңдайтыныңды белгілеп алу қажет. Білім орны қандай бағдарламамен оқытады? Жұмыспен қамтамасыз ете ала ма? Бұнын барлығы болашаққа керек факторлар. Сен қандай білім аласың, сол бойынша қызмет атқарасың. Қазір елімізге бәсекеге қабілетті, білімді мамандар қажет. Әрбір студент бір мамандық бітіріп, сонымен шектелмегені дұрыс. Бір мамандықты аяқтаған соң, екінші, үшінші мамандыққа оқы. Бұған еліміз жағдай жасап жатыр. Бірнеше мамандыққа оқыған адам ешқашан да далада қалмайды. Қандай жас та болсаң да, әркез білім алуға ұмтылған жөн, - деді Қазақстан студенттер альянсы президенті.

Сонымен қатар, ол 2021 жылдан бастап білім орындары өздерінің жеке дипломдарын беретінін айта кетті. 

Бұрыңғыдай мемлекеттік дипломдар болмайды. Жұмысқа тұрған кезде бітірген жоғарғы оқу орнының біліміне қарайтын болады, - деді Түстікбаев.
Өзгелердің жаңалығы