«Болашақ». Құжаттар қабылдау жалғасып жатыр

30 Қыркүйек 2022, 14:06
784
Бөлісу:
«Болашақ».  Құжаттар қабылдау жалғасып жатыр

 «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтінімдер биылғы жылғы 14 қазанға дейін eGov.kz. мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. 

2022 жылы магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия, тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 23 мамырда «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура, докторанутра және резидентураға түсу үшін, 5 қыркүйекте жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталады. 

Конкурстық іріктеу толығымен онлайн режимінде өтеді. Үміткерлерге онлайн платформада жеке кабинет ұсынылады. Онда барлық хабарландыруларды бақылауға, жоспарланған іріктеу турларынан өтуге және нәтижені білуге болады.

Конкурстық іріктеуге кез келген азамат қатыса алады, жас шектеулері жоқ. Өтінім тапсырған кезде оқу/тағылымдамадан өту және кейінгі еңбекпен өтеу мерзімі зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы