«Болашақ» бойынша қанша қазақстандық білім алып жатыр?

17 Қазан 2022, 16:45
1128
Бөлісу:
«Болашақ» бойынша қанша қазақстандық білім алып жатыр?

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 1200-ге жуық қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың ішінде  президенттік стипендияның 50 иегері Шырмауық лигасына кіретін әлемдегі ең беделді университеттерде оқиды. Олар: Гарвард, Колумбия, Йель, Принстон, Браун, Дартмут, Корнелль университеттері және Пенсильвания университеті.

Шырмауық лигасында оқудың артықшылығы - көптеген Нобель сыйлығының лауреаттары мен басқа да беделді марапаттардың иегерлерінен тәлім алып, үйренуге мүмкіндігіміз бар. Мен университетте жасанды интеллектті, Заттар интернетін (ІоТ) оқимын, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаға стратегияны қалай құру керек екенін түсіну үшін бизнес мектептен сабақ алдым. Қазақстандық телеком-нарық үлкен трансформация алдында тұр және әлеуетті инвесторлар үшін тартымды. Оқуды аяқтағаннан кейін осы бағытта қызмет жасап, Қазақстандағы ІТ және коммуникацияларды дамытуға өз үлесімді қосқым келеді, - деді «Болашақ» стипендиясының иегері Әйгерім Қыдырғалиева.

Әйгерім «Болашақ» бағдарламасы бойынша Колумбия университетінің магистратурасында оқиды. Мұнда ол электроника мен телекоммуникациялық жүйелерді үйренеді.

Стипендияның 29 жылдық тарихында «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектер саны 11 700-ден асты. Олар әлемнің 200-ден астам жетекші университетінде білім алды.

Өзгелердің жаңалығы