"Болашақ" бағдарламасының 30 стипендиаты Қазақстанға оралуға дайын

12 Наурыз 2020, 19:16
1301
Бөлісу:
"Болашақ" бағдарламасының 30 стипендиаты Қазақстанға оралуға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық студенттер қашықтықтан оқытылып, мектеп оқушылары көктемгі демалысқа ерте шығады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Баспасөз конференциясына ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 857 қазақстандық білім алуда, оның ішінде короновирус бойынша қолайсыз жағдайы бар бірінші санаттағы елдерде – 19 (ҚХР – 9, Оңтүстік Корея – 3, Италия – 7).

Көптеген шетелдік жоғары оқу орны қашықтықтан оқыту нысанына көшеді, осыған байланысты студенттердің белгілі бір бөлігі үйлеріне қайтып оралады. Сонымен қатар, біз студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға жібермеуді ұйғардық. Студенттер шетелде оқу үшін бір семестрге шығуы керек болатын. Ағымдағы жағдайға байланысты біз бағдарламаны уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық, – деді ҚР БҒМ басшысы.

Көптеген шетелдік оқу орны қашықтықтан білім алуға көшеді және студенттер өз қалауы бойынша жоспарлы түрде үйлеріне қайтатындығын айта кеткен жөн. 

Бүгінгі таңда "Болашақ" бағдарламасының 30 стипендиаты тілдік курстар, академиялық оқу және тағылымдаманың аяқталуына байланысты (Ұлыбритания – 10, АҚШ – 10, Жапония – 3, Литва – 7) 2020 жылдың наурыз айында Қазақстанға оралуға дайын.

Өзгелердің жаңалығы