Болашақта үгіт-насихат жұмыстарында желіні пайдалану арта түседі – Арман Ешмұратов

10 Қаңтар 2021, 20:30
1385
Бөлісу:
Болашақта үгіт-насихат жұмыстарында желіні пайдалану арта түседі – Арман Ешмұратов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «SAILAU TALKS 2021» сараптама алаңында Коммуникативтік іс-шаралар және визуалды жобалар орталығының жетекшісі Арман Ешмұратов Парламент сайлауы мен мәслихат депутаттарының сайлауының аймақтардағы үгіт-насихат жұмыстарына қатысты пікірін білдірді. 

Оның айтуынша, қазір сайлаушылардың ауыл-аймақта қалай жұмыс істегенін желіден байқауға болады. 

Сондай-ақ насихаттық кездесуге қатыспаған жандар да желінің арқасында партиялардың ұстанымдары мен депутаттар жайлы жалпы ақпаратқа қанығып отырды. Болашақта желінің мүмкіндігі үгіт-насихат жұмыстарындаа кеңінен қолданылатын болады деп ойлаймын, – деді ол.

Айта кетерлігі, аталмыш сараптам алаңын ұйымдастырушы Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі.

Бұған дейін осы алаңда Өркен Кенжебек Бес партия да онлайнға емес, жүзбе-жүз кездесуге басымдық бергенін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы