Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Желмая» жобасында айтты.
Оның айтуынша, 2019 жылы мемлекет басының және шетелде кадрларды даярлау республикалық комиссия төрағасы, мемлекет хатшысының тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасының іске асуын жаңа сапа деңгейіне көшіру тапсырмасы берілген. Оған қоса оның әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қызметін қазіргі талаптарға сәйкес оңтайландыру міндеті қойылған.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының басшылығымен арнайы жұмыс тобы құрылып, степендияның іске асырылуын реттейтін барлық нормативтік-құқықтық құжаттарға кешенді сараптама жасалды. Өткен жылы Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен ынтымақтастық келісімшартына қол қойдық. 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында «Болашақ» бағдарламасын іске асырудағы жемқорлық тәуекеліне кешенді сараптама жасалды. Кезектен тыс аудиті бар, басқа да тексерістердің нәтижесінде 2020 жылдың 6 мамырында «Болашақ» бағдарламасының сапалық трансформациясын іс жүзінде дәлелдейтін Үкімет қаулысымен «Болашақ» халықаралық степендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа ережесі бекітілді,-дейді А. Кәрібозова.
Жаңа іріктеу ережесі өткен жылы коронавирустық инфекцияның жаппай таралуы кезінде бекітілген. Оны бекітуге тоғыз ай кетіпті.
Басты нәтиже Президент әкімшілігінің «Болашақ» халықаралық степендиясына үміткерлерінен құжат қабылдау мен іріктеу байқауын Президенттік жас кадр резервінікің сияқты толық автоматтандырды. Яғни өткен жылдан басап құжатты тек Электронды үкімет порталы арқылы және іріктеуді толық цифрландырылған онлайн порталы арқылы жүргіздік,-дейді ол.
Оның айтуынша, адами фактор басым болған сайын жемқорлық тәуекелі де жоғары болады. Ал, іріктеу байқауын автоматтандыру жемқорлық факторының алдын алады. Сондай-ақ үміткерлерді іріктеудің алты кезеңі үшке дейін қысқарған.