Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 23-25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне әкеледі.
Тек елдің батыс өңірлеріне Солтүстік циклон жырасы әсер етіп, температура төмендейді.
Бірақ фронтальді жүйелер елдің барлық аймағына ықпал етіп, жаңбыр, қар жауады.