Бокстан жастар құрамасы Үндістанда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

Қыздар боксынан Қазақстан командасы Үндістанда жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

 freepik.com 23 Тамыз 2024 2024, 01:18
23 Тамыз 2024 2024, 01:18
709
Фото: freepik.com

Қыздар боксынан Қазақстан командасы Үндістанда жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Аға жаттықтырушы Жангелді Ахметов бастаған әйелдер боксынан Қазақстан жастар командасы үнді спортшыларымен тәжірибе алмасып, екі апталық жиынға қатысты.

Құрама сапындағы 12 боксшы күнделікті жаттығудан бөлек, 4 рет спаррингтік жекпе-жектер де өткізген.

Бұл - қазан айында өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Елдегі бір апталық демалыстан соң, боксшы қыздар Польшадағы халықаралық турнирге аттанады.

Наверх