Бокстан Олимпиадаға іріктеу: Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті

11 Наурыз 2024, 03:20
397
Бөлісу:
Бокстан Олимпиадаға іріктеу: Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирде ширек финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

1/8 айналымда Махмұд Пуэрто-Рико өкілі Тирадо Паганды 5:0 есебімен жеңді.

Төрешілер бірінші раундта Махмұдқа 4:1 ұпайын берсе, екінші раундты 3:2 есебімен қарсылас еншісіне қалдырды.

Десе де, Махмұд Сабырханның үшінші раундтағы дәл соққылары ешкімге күмән қалдырған жоқ.

Қорытындысы есеп - 5:0.

Өзгелердің жаңалығы