Бокстан Азия ойындарында 3 алтын алуымыз мүмкін - Маратбек Мықтыбеков

16 Қыркүйек 2023, 14:34
2955
Бөлісу:
Бокстан Азия ойындарында 3 алтын алуымыз мүмкін - Маратбек Мықтыбеков
Фото: автордан

Бұл туралы бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 30 жылдық мерейтойында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мерекелік іс-шараға келген Маратбек Мықтыбековтен бокстан ерлер мен қыздардың Азия ойындарына дайындығын сұрадым.

Қыздарымыз биыл Үнді елінде өткен Әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетті. Өкінішке қарай алтын болған жоқ. Бірақ оның есесін жақында өтетін Азия ойындарында қайтарамыз деген ой бар. Жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиынын Қытай елінде өткізеді. Себебі сол елдің ауа-райына үйреніп, бейімделу керек. Ал ерлер құрамасы келер болсақ, биыл өткен Әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Содан босамай спортшыларымыз осы Азия ойындарына әлі де өз деңгейінде дайындалып келе жатыр. Азия ойындары алдындағы дайындық барысын Шымкент қаласында өткізіп жатыр. Спортшыларға барлық жағдай жасалған. Министрлік тарапынан көмек көрсетіп жатыр. Дәрумендері мен дәрі-дәрмектерін алып бердік. Жігіттер 19 қыркүйек күні Алматыға ұшып келіп, Азия ойындарына аттанады. Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймыз, - дейді Маратбек Мықтыбеков.

Азия Ойындарында қоржынымызға қанша жүлде түсуі мүмкін екенін сұрауды да ұмытпадым.

Бізде болжам бар. Кемінде 3 алтын алуымыз керек. Арық айтып, семіз шыққанды жақсы көреміз. Бұл спорт. Ринг көрсетеді,- деді спикер.

Айта кетейін, Ази ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы