Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

15 Мамыр 2023, 09:32
955
Бөлісу:
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Фото: BAQ.KZ

Ташкентте өткен Халықаралық Бокс Федерациясының кеңесінде 2024 жылы қыздар арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтеді деп шешілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара «Барыс Арена» сарайында болады деп жоспарланған.

Мен Қазақстан секілді бокс державасының IBA-ның басты шарасын өткізетініне өте қуаныштымын. Астана бұған дейін қыздар арасындағы әлем чемпионатын 2016 жылы өткізген. Енді одан да күшті болады — деп IBA басшысы Умар Кремлев өз сенімін білдірді.

2023 жылы Үндістанда өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс, 4 қола жүлде иеленген болатын.

Өзгелердің жаңалығы