Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Төрехан үшін дебюттік кездесу оңай болған жоқ. Алжирлік Эсуф Яиче лайықты қарсылық танытып, айқасты шиеленістіре түсті. Дегенмен, үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді.
Осылайша, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.