Боксшыларымыз Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды

29 Наурыз 2024, 09:07
342
Бөлісу:
Боксшыларымыз Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшылар Бакудегі  халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда бес қазақстандық боксшы айқасып, оның үшеуі алтын медаль жеңіп алды.

Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді.

48 келідегі Теміртас Жүсіпов Хасан Маликовтен (Әзербайжан), Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевтен жеңілді.

Ал Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы