Боксшы Жәнібек Әлімханұлы болашағына қатысты мәлімдеме жасады

16 Қазан 2023, 12:02
2068
Бөлісу:
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: twitter.com/qazaqstyle

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жекті осы қыста өткізгісі келетінін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жақында германиялық Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) 6-раундта нокаутпен жеңіп, екі белбеудің иегері атанған Жәнібек болашағы туралы мәлімдеме жасады.

Мен барлық төрт белдікті алғанша тойлай алмаймын! Маған WBC және WBA атақтары керек! Мұны ақпан айында жасайық! Мен өз белбеулерімді қорғағым келмейді! Маған басқа белбеулер керек! Мен кез-келген чемпионды нокаутқа жіберемін!,- деп жазды Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде орта салмақтағы WBC белбеуі америкалық Джермелл Чарлода (32-0, 22 КО), ал WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада (29-3-3, 17 КО).

Өзгелердің жаңалығы