Бокс пен дзюдоны жоғары деңгейге көтерген Бекет Махмұдов өмірден өтті

14 Сәуір 2020, 11:25
1759
Бөлісу:
Бокс пен дзюдоны жоғары деңгейге көтерген Бекет Махмұдов өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 сәуірде 81 жасында Қазақстанның бокс пен дзюдосына үлкен еңбегі сіңген  қайраткер Бекет Махмұтов дүниеден озды.

Бекет Махмұтов – еліміздің бірден бір ардақты және беделді спорт үйлестірушісі. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ол 1996 жылдан 2006 жыл аралығында Халықаралық бокс ассоциациясының (АИБА) алғашқы вице-президенті және ұйымның қаржылық комиссиясының төрағасы, АИБА-ның Азия континенттік бюросының президенті қызметтерін атқарды. Сол кезде бірқатар қазақстандықтар АИБА-ң әртүрлі комиссияларына ұсынылды: төрешілік, техникалық, бизнес-комиссияда, жастар және басқаларда.
 
Атап айтқанда, Бекет Сапарбекұлы кезінде Қазақстан бокс құрамасы үш рет – Атланта-1996, Сидней-2000 және Афина-2004 олимпиадасында үздік үштіктен көріндіз

Ол 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болды. Сондай-ақ Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарды. Бекет Махмұтов өзін жаңа салада өте жақсы қырынан танытты. 

Оның осында келуінен біздің елімізде ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионы – Максим Раков, ал 2010 жылы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жастар арасында бірінші рет әлем чемпионы атанды. Сол жастардың әлем біріншілігінде біздің командамыз жалпы есепте жоғары екінші орынды иеленді.

Бекет Сапарбекұлы 1999 жылы "Құрмет" орденімен марапатталса, 2000 жылы «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» атағын алды, 2004 жылы "Парасат" орденіне лайықты деп танылды. Ол сонымен бірге Халықаралық бокс ассоциациясының құрмет және Халықаралық дзюдо федерациясының әлем спортының осы түріне қосқан қомақты үлесі ордендерімен марапатталған.
Өзгелердің жаңалығы