Бокс: Асланбек Шымбергенов техникалық нокаутпен жеңіске жетті

5 Наурыз 2024, 23:46
426
Бөлісу:
Бокс: Асланбек Шымбергенов техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 71 келідегі әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Асланбек Шымбергенов алғашқы қарсыласы Сэм Мороватиді 2-раундта техникалық нокаутпен жеңгені белгілі болды.

Енді Асланбек келесі айқасын 7 наурызда өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы