Бөгеттер мен су қоймаларын салуда бюджет қаражатын жымқырғандар анықталды

11 Сәуір 2024, 12:43
264
Бөлісу:
Бөгеттер мен су қоймаларын салуда бюджет қаражатын жымқырғандар анықталды
Фото: ОКҚ

Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалу мәселелері сөз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдеді.

Еліміздің 3 облысында су тасқыны кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болатын селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу кезінде сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде,-деп атап өтті ол. 

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке бірнеше кәсіпорындар анықталды.

ЖШС Алматы қ. «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы,аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуде. Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады. Сондай-ақ, ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін (су қоймасын) сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Анықталғандай, 2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда ЖШС тарапынан, бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттері тиісінше орындалмаған,-деді маман.

Осы жылдың 5 сәуірінде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан «Магаджан» бөгеті бұзылған еді. Нәтижесінде Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды.

Сонымен қатар, Ұлытау облысында ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Аталған ЖШС көктемгі су тасқыны кезінде жақын маңдағы аумақтарды шайылып кетуден қорғау үшін ұзындығы 2 км Жезді өзеніне санация жүргізу үшін жалпы сомасы 485,5 млн теңгеге мемлекеттік мекемемен шарт жасасқан. Алайда, жобаны іске асырудың бақылау өлшемімен мердігер жалпы сомасы 282,5 млн теңгеге жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын нақты орындамағаны анықталды,-деп атап өтті Әлібек Әбділов.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы