Боччадан Қазақстан чемпионаты басталды

27 Мамыр 2024, 15:45
366
Бөлісу:
Боччадан Қазақстан чемпионаты басталды
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін елордада параолимпиадалық спорт түрі боччадан ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жарысқа Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының прези­денті Мәулен Әшімбаев пен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.

Боччадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін басталып жатқан біздің чемпионатымыз биыл жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Былтырғы чемпионатта 50-ге жуық спортшымыз қатысса, биыл 90-ға жуық спортшымыз 12 облыстан келіп, үлкен сайысымызға қатысуға ниет білдіріп жатыр. Жалпы өткен жылдың ішінде бұл спорт түрі елімізде жақсы, қарқынды дами бастады. Қазіргі таңда 10 облыста боччаның өңірлік федерациялары жұмыстарын бастады. Чемпионатымыз жоғары деңгейде өтетініне сенеміз. Қазіргі таңда елімізде инклю­зивті, кедергісіз орта құру үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Осы жолда берік институционалды негіз қалыптасып жатыр. Бұл сала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үнемі басты назарында. Президентіміздің тапсырмасы бойынша осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылып келе­ді. Біз осы жылы боччадан командалық және жұптық түрі бойынша сайыс түрін қосты. Бұл біз үшін жаңа деңгей, - деді Мәулен Әшімбаев.

Боччадан Қазақстан чемпионаты басталды

Сондай-ақ, Сенат төрағасы жарыс төрешілері мен жаттықтырушыларға, ата-аналарға алғысын білдірді.

Бапкерлерге алғыс айтамын. Еңбектеріңіз ерекше. Спорттың жаңа қыр-сырларын үйретіп, жаңа деңгейге шығарып, психологиялық жұмыс істеу табандылықты қажет етеді. Сондай-ақ, ата-аналарға да алғыс айтамын. Ата-ананың қолдауы, назары балаға әрқашан керек. Осы тұрғыдан балаларыңызды қолдап жүргендеріңізге рахмет, - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар еліміздің ұлттық құрамасына іріктеліп, 14-22 қараша аралығында Бахрейн астанасы Манама қаласында өтетін боччадан әлем чемпионатына қатысады.

Өзгелердің жаңалығы