Финляндияның Лахти қаласында өткен боччадан халықаралық жарыста отандасымыз Қуаныш Асқарбеков қола медаль олжалап, байрақты бәсекеде жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, сонымен қоса ұлттық құрама қоржынына командалық сайыста өнер көрсеткен Итиана Шыңғысханова, Александр Құрмантаев және Қуаныш Асқарбеков тағы бір қола жүлдені салды.
Ал жекелей сында бақ сынаған Итиана Шыңғысханова – төртінші, Меруерт Тілебалды – бесінші, Балжан Бөлекпаева – алтыншы, Темірлан Алтынсары сегізінші орынды иеленді. Ал жұптық сайыста бақ сынаған Темірлан Алтынсары мен Аружан Жеңіс жұбы алтыншы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 27-31 мамыр күндері Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты өтеді.