BMW жүргізушісі елордада жаппай жол апатының болуына себепкер болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан Toyota автокөлігі аударылып қалды.</h4> <br> <p> </p>

 22 Шілде 2021 2021, 15:53
22 Шілде 2021 2021, 15:53
2282

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан Toyota автокөлігі аударылып қалды.

 

Жол апаты 20 шілде күні Ұлы Дала даңғылында болған. 

Елорданың полиция департаментінде атап өткендей, BMW-дің 31 жастағы жүргізушісі Lexus-пен соқтығысқан. Инерция бойынша BMW маркалы автокөлік Toyota RAV 4-ті келіп соққан, ол көлік болса сол жағына қарай аударылып кеткен. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, - деп нақтылады ведомствода.  


 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, BMW жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Наверх