Блок-бекетті айналып өтпек болған 31 адам ұсталды

19 Сәуір 2020, 16:22
1574
Бөлісу:
Блок-бекетті айналып өтпек болған 31 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 619 адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзушылармен күрес жұмыстарын жалғастыруда. 

Күні бүгінге дейін Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзған 619 адамды анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 590 факт ретінде тіркелсе, 138 адам қамауға алынды. 182 тұрғынға айыппұл салынып, 236 азаматқа ескерту жасалды. Сотқа жіберілген материалдың жалпы саны – 25. ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 29 дерек тіркелді. 15 адамға айыппұл салынып, 12 адам қамауға алынды. Мысалы, Хромтау қаласындағы азық-түлік дүкенінің 55 жасар сатушысына, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - делінген ресми хабарламада.

Басқа жағдайда патрульдік полиция наряды көшеде карантин кезінде себепсіз көшеде болған 40 жастағы ақтөбелік азаматты тоқтатқан. Әкімшілік сот құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 31 анықталды. 

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы