Блок-бекеттегі қылмыс әдейі жасалуы мүмкін – заңгер

27 Мамыр 2020, 10:01
2973
Бөлісу:
Блок-бекеттегі қылмыс әдейі жасалуы мүмкін – заңгер

Алматы, BAQ.KZ. Күдікті ішімдік ішіп көлікке отырды, өзі соғылған патрульдік көлікте адамдар отырғанын білді деп ойлаймын. Бұл туралы қорғаушы Жангелді Сүлейменов "Астана" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Қорғаушының ойынша, тергеу жұмыстарында бір шикілік бар. 

Қылмыстық кодекстің 99-бабында, қылмыс белгілі бір мақсатпен жасалуы мүмкін екені қарастырылған. Яғни, күдікті ішімдік ішіп көлікке отырды, өзі соғылған патрульдік көлікте адамдар отырғанын білді деп ойлаймын. Демек, ол қылмысты әдейі жасауы мүмкін немесе істеп жүрген ісіне есеп бермеді, - дейді қорғаушы. 
Айта кетсек, кеше Алматы Полиция департаменті БМВ автокөлігінің жүргізушісі 6 жылдай құқық қорғау органында жұмыс істегенін және міндетін дұрыс орындамағаны үшін қызметтен кеткенін растады.

Мамырдың 25 күні блок-бекетте болған жантүршігерлік апаттан полиция қызметкері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов қаза тапқан еді. 

Сонымен қатар, сол сәтте әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған тағы бір полиция қызметкері Ербулан Сейдазым басынан жарақат алған болатын. Кеше дәрігерлер оның басына ота жасады. Науқас өкпе желдету аппаратының көмегімен демалып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Өзгелердің жаңалығы