Блок-бекеттегі апат: Азат Азаматов – полиция қызметкері

28 Мамыр 2020, 08:48
1471
Бөлісу:
Блок-бекеттегі апат: Азат Азаматов – полиция қызметкері
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы блок-бекеттегі апатқа себепші болған Азат Азаматов осы айдың басында аға лейтенант шенін алған полиция қызметкері. Бұл туралы 31 арнаға берген сұхбатында Азат Азаматовтың әкесі Талғат Мұқашев айтып берді.

Өзі де 28 жыл бойы құқық қорғау саласында жұмыс істеген Талғат Мұқашев баласының ішімдік ішті дегеніне келіспейтінін айтты.
Коронавирусқа қарсы бұларда демалыс болмай кетті. 18-19 күндей жұмыс жасады. Соның салдарынан таңғы 5-те келе жатып, рөлде қалғып кетті ме деп ойлаймын. Баламның жасаған кінәсін жасыра алмаймын, өз қолымен істегенін мойнымен көтереді, заңды түрде жауап береді. Қасақана, әдейі соқты дегенге келіспеймін. Бақилық болған әріптестерімен жап-жақсы араласып жүрген, біреуі баласының шілдехана тойына шақырған. Бұл – оқыс оқиға. Қасындағы жолдасына қасқыр да қастық жасамайды. Егер менің ұлым шынымен жаман қызметкер болса неге аға лейтенант шенін берді, неге алғыс хатпен марапаттады, - деді Талғат Мұқашев.

Айта кетейік, мамырдың 25 күні №4 блок-бекетте болған жантүршігерлік апаттан полиция қызметкері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов қаза тапқан еді.


Өзгелердің жаңалығы