Блогерлер сайлау туралы сауалнама өткізсе, жауапкершілікке тартылады - заңгер

24 Ақпан 2023, 12:39
2129
Бөлісу:
Блогерлер сайлау туралы сауалнама өткізсе, жауапкершілікке тартылады - заңгер
Фото: автордан

Бұл туралы «Адал сайлау үшін» республикалық штабының мүшесі Әнуарбек Сқақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұйымымыз сайлау туралы заңнаманы түсіндірумен айналысады. Біз оның жүйелі негізіне арналған жиындар, баспасөз мәслихаттарын өткіземіз. Соның ішінде үгіт-насихатты қалай жүргізген дұрыс деген мәселе де қамтылады. Үгіт-насихат науқанының басты қағидаттары: құқықтың теңдігі, яғни барлық кандидатта бұқаралық ақпарат құралдарын қолдануда тең құқыққа ие болуы керек. Соынң ішінде егер мерзімді басылым болса, әр кандидаттың жарнамалық материал жариялауға мүмкіндігі бірдей. Көлемі, қай бетте шығатынына дейін бірдей мүмкіндік беріледі, - деп түсіндірді республикалық штаб мүшесі. 

Айтуынша, үгіт-насихат жұмысын жариялаудың да өз ережесі бар.

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлау комиссиясына алдын ала үгіт-насихат материалдарын жариялайтындықтары туралы ескертуі қажет. Хабарлама үгіт-насихат науқаны басталғанға дейін жіберіледі. Қазір Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары ол тізімді жасады. Біздегі бар мәліметке сәйкес, екі жарым мыңдай БАҚ пен жүз шақты онлайн-платформа үгіт-насихат жұмысына қатысады. Үгіт-насихат жұмысында этикалық нормалар да назарға алынады. Қарсыласты қаралауға, оны қандай да бір қылмыстық әрекеттер жасады деп айыптауға тыйым салынады. Егер қандай да бір БАҚ, тіпті блогерлер де ережеге сәйкес жұмыс істеуі керек. Көптеген блогер әлеуметтік желіде «Қандай партияға дауыс бересіз?» деген сипатта әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатады. Бұл дұрыс емес. Оларға әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әлеуметтік пікірді блогерлер емес, қызметі туралы тиісті жерлерге хабарлама беріп, ескерткен ұйымдар өткізуі тиіс, - деді Әнуарбек Сқақов.  

Өзгелердің жаңалығы