БҚО-да жолдар жабылды

10 Қаңтар 2021, 12:54
1652
Бөлісу:
БҚО-да жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанда барлық бағыттағы республикалық жол жабылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан хабарлады. Жергілікті сағат 09.45-тен бастап көктайғаққа байланысты барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолда қозғалысқа шектеу қойылды.

БҚО Төтенше жағдай департаменті республикалық жолдарда тек қоғамдық көліктер мен таксилердің жүруіне рұқсат беріліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, қазір Орал қаласында да қатты көктайғақ.


Өзгелердің жаңалығы