БҚО-да соғыстан қалған снаряд табылды

25 Мамыр 2021, 07:45
2873
Бөлісу:
БҚО-да соғыстан қалған снаряд табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған снаряд табылды, деп хабарлайды БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға 24 мамыр күні сағат 16:30-да Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында болды. Ауыл шетінде жер қазып жатқан тұрғын таттанып кеткен снаряд тауып алған.

Оның ұзындығы – 100 см, диаметрі – 15 см. Снарядты Орал қаласынан арнайы барған саперлар залалсыздандыратын болады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Батыс Қазақстанның Орда (қазіргі Бөкей ордасы), Жәнібек аудандары Сталинград майданына тиіп тұрғандықтан, соғыс жағдайында деп жарияланып, талай рет бомба түсіп, снаряд жарылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы