БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырып жатыр

7 Тамыз 2021, 19:17
2439
Бөлісу:
БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері кішкентай қыздың өмірін сақтап қалу үшін қан тапсырды. 

Қызметкерлердің арасында мұқтаж адамдарға үнемі көмектесетін донор қызметкерлер бар. 

Іс-шараның мақсаты – мұқтаж адамдарға көмек көрсету.

Ең алдымен барлық донор медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсырады. Әр донордан 450 мл қан алады. Бұл процедура 20 минуттан аспайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы