Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 1 қаңтар мен 25 ақпан аралығында қатерлі індетке шалдығудың 3623 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өткен тәулікте 75 адамнан вирус белгілері анықталды. Мамандар шектеу шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Ақпан айында карантин талаптарын бұзған нысандарға 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Соңғы аптада ауру көрсеткіші 7% төмендеді. Дегенмен арқаны кеңге салуға ерте. Қатерлі індеттің білім беру нысандарына да таралуы алаңдатып отыр дейді сала басшылары.
Қазіргі уақытта ауру жұқтыру оқушылар арасында да, мұғалімдер арасында да бар. Осы үшінші тоқсан 11 қаңтардан бері оқушылар арасында 242 жағдай тіркелді. Оның 133 дәстүрлі форматта оқып жүрген оқушылар арасында, 109 оқиға қашықтан оқитын оқушыда анықталды. Сонымен қатар 15 қаңтардан 25 ақпанға дейін қалалық және аудандық мем санитарлардың қаулысымен 6 мектеп карантинге жабылды, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.